Ультракүлгін сәулелену көру қабілетіне теріс әсер етеді. Маникюр жасауға арналған шам мен тіске пломба салуға арналған құрылғы торлы қабықтың күйіне теріс әсер етіп, көру қабілетінің нашарлауына әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл туралы офтальмолог Наталья Боша ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.