Көкшетауда қаланың шеткі аумағында орналасқан Сарыарқа шағынауданындағы тұрғынүйлердің сапасы сын көтермейді. Көпқабатты үйлердің жертөлелері мен іргесінен су кетіп, тұрғындардың газсыз, жолсыз, сусыз қалатын уақыттары аз болмайды. Бұл аудан тұрғындарын қатты қинайтын мәселе - көктемгі және күзгі уақыттарда қар еріген тұста жүретін жер қалмауы. Майлы батпаққа малшынған тұрғындар арыз-шағымын жергілікті билікке айтып жүр. Алайда күні бүгінге дейін мәселе шешімін таппаған

"Майлы батпақ кешіп жүрміз". Көкшетау тұрғындары жүрерге жол таппай әбігерге түсті
Жаңалықтар





































