Бүгінде 227 мың қазақстандық микрокредитін төлей алмай жүр. Елімізде микрокредит ұйымдары көбейген, сәйкесінше, оны алатындар саны да айтарлықтай артты. Азамат микрокредит алу арқылы өзінің болашағына қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы, жалақыға дейін берілетін пайызы өте жоғары қарыз несие тарихына әсер етеді. Оған қоса, микрокредитті төлей алмай қалсаңыз да, коллекторлар қоқан-лоқы көрсетіп, әбден мазаңызды алады. Конституция бойынша өз құқығын білмейтін азамат мұндай қорқытып-үркітулерге сеніп, жанталасады. Дегенмен коллекторлық ұйымның мұндай іс-әрекеті заңға қайшы екенін біле жүріңіз. Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат Альбина Бахтиярқызы Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында микрокредиттің негізгі салдары мен коллекторлардың заңға қарама-қарсы іс-әрекеттерін тізді.