Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатыны туралы айтқан болатын. Министрлік құрудың маңызы неде? Еліміздегі су тапшылығын шеше ала ма? Осы сұрақтар төңірегінде Massaget.kz тілшісі зерттеп, мамандармен хабарласты.