Алматы тұрғыны әйелінің өліміне кінәлілерді жазалауды талап етуде. Қайғылы оқиға жаздың басында болған еді. Ерлі-зайыптылар үйлеріне мопедпен келе жатып, қаланың дәл ортасындағы шұңқырға құлап кеткен. Әйел алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.