27 қарашада Ақбұлақ өзенінде 2006 жылы туған жасөспірім мұз астына түсіп кеткен. Ал оқиға куәгері дер кезінде 17 жастағы жасөспірімді құтқарып қалды. Көмекке ұмтылған жанның есімі - Мереке Едресов. Тосын жағдайдың куәсі болып, адам өмірін сақтап қалған елорда тұрғынымен Massaget.kz тілшісі сұхбаттасты.