Танымал кинопродюсер, актер Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған болатын. Желі қолданушылары бұл жаңалықты қызу талқыға салып, түрлі пікір қалдырған. Енді актер әлеуметтік желідегі парақшасында өзін сынағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.