14 жасар баласын төрт айдан бері таба алмай жүрген Алматы облысының тұрғыны "Көреміз" бағдарламасынан көмек сұраған еді. Полиция өкілдері Марлен Серікті Алматыдан іздеген. Алайда жоғалған баланы бағдарлама ұжымы Шымкент қаласының көлік жуу орталығынан тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.