Алматы облысының Боралдай кентінде сегіз жыл бұрын ашылған мектеп жабылып қалды. Себебі төртінші наурызда болған жер сілкінісінен кейін сыр берген. Мыңдаған оқушы содан бері онлайн оқып жатыр. Ал, тұрғындардың айтуынша, білім ошағының жағдайы оған дейін мәз болмаған. Жер дүмпуінен соң төтенше жағдайлар департаменті мен білім бөлімі ғимаратқа техникалық қорытынды жасау туралы шешім шығарған. Бұл өтінімді облыстық мәслихат қарайды. Ал, оның отырысы осы айдың ортасына қарай ғана болады. Бұл ата-аналардың ызасын келтіріп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.