"Қалған өмірін мен үшін түрмеде өткізгенін қаламаймын". Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы өзімен бірге айыпталып жатқан өзге төрт азаматқа қатысты осындай пікірін білдірді. Қазір "Алтын адам көрмесі" мен "Дипломат" қонақүйіне қатысты істер біріктіріліп, жаңаша айыптау актісімен қаралып жатыр.