Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғындары "Меккеге апарамын" деген алаяққа алданып қалғандарын айтып, жергілікті полицияға шағымданған. Олардың айтуынша, белгісіз адам олардың әрқайсынан 10 күндік сапарға барып-қайту ұшақ билеті, қонақ үй мен тамаққа деп 500 мыңға жуық ақша алған. Алайда ол ұшты-күйлі жоғалып кеткен