Еліміздің болашағына қатысты ең маңызды тақырыптың бірі - ауыз су тапшылығы. Экологтар бұл туралы біршама уақыттан бері айтып келеді, ал былтыр мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мәселені тағы да көтерді. Осыған байланысты "Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасының орынбасары Болат Қасымов Massaget.kz тілшісіне су тапшылығының бүгінгі жағдайы мен оның болашақта қаншалық ауқымды болуы мүмкін екенін түсіндірді.