Жақында Бакуде Түркі мемлекеттері ұйымының жанынан құрылған арнайы комиссияның 3-ші отырысында түркі елдеріне ортақ әліпби қабылдау шешімі мақұлданды. Ортақ әліпби 34 әріптен тұрады. Дегенмен, түркі әлеміне ортақ жаңа әліпбидің нұсқасы әзірге жарияланған жоқ. Осы орайда Massaget.kz тілшісі филология ғылымдарының докторы, профессор, комиссия құрамында болған Құралай Күдериновадан түркі елдеріне ортақ жаңа әліпбидің артықшылықтары мен қиындықтары туралы сұрады.