Жетісу облысының өткен бес айда экономикалық көрсеткіштері артып, өндіріс, құрылыс, сауда сияқты негізгі салаларда өсім байқалды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің үйлестіруімен Ескелді ауданындағы "Тау Жетісу" туристік нысаны базасында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты