ҚМГ арнайы жұмыс тобы Жаңаөзенде жұмысын жалғастырып жатыр. Күн сайын қала кәсіпорындарына барып, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіліп, қызметкерлердің шағымдары мен тілектері тыңдалады. Бұдан басқа, жұмыс тобының мүшелері қаржы-шаруашылық қызмет бағытында есеп құжаттамаларын тексереді.