Шымкент тұрғыны Ерлан (есімі кейіпкер қалауы бойынша өзгертілді - еск.) редакциямызға жүгініп, сатып алған компанияның бұрынғы иесі сан соқтырып кеткенін айтты. Оның айтуынша, ол компанияны бұдан үш жыл бұрын сатып алған. Алайда денсаулығына байланысты екеуара шартты заңды түрде тіркеп үлгермеген. Мұны пайдаланған компанияның бұрынғы иесі оның сыртынан компанияны басқа біреуге сатып жіберген. Кейін Ерлан сотқа жүгінген. Алайда сот тұрғынның талабын қанағаттандырмады. Ол бұл компанияның басқа адамдарды да алдап жүргенін айтты. Мекеме шырмауына түсіп қалғандардың бірі прокуратурада сот шешімімен келіспей, өзін өртемек болған. Massaget.kz тілшісі бұл оқиғаның анық-қанығына көз жеткізді.