Биыл қандастар мен қоныс аударушыларға бөлінетін квота мөлшері артты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Биыл 8 652 адамға квота бөлінген. Бұл былтырмен салыстырғанда 566 квотаға көп. Мемлекеттік бағдарлама бойынша оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғысы келетін адам көп. Алайда олар үй, жұмыс мәселесі қалай болады деп алаңдайды. Massaget.kz тілшісі тәуекел етіп, мемлекеттік бағдарлама бойынша оңтүстіктен солтүстікке көшкендермен сұхбаттасты.