Бүгінде елімізде баспаналы болуға мүмкіндік беретін түрлі ипотекалық бағдарламалар бар, сондықтан өз пәтеріңізді алу бұрынғыдай қиынға соқпайды. Ал пәтерді сатып алғаннан кейінгі ең қиын кезеңнің бірі - жөндеу жұмыстары. Жөндеу жұмыстарына қатысты нақты жоспардың болуы қаражат, уақыт және жүйкені үнемдеуге көмектеседі. Мұндай кезде кез келген ұсақ-түйекке назар аударып, асықпай шешім қабылдаған жөн. Әйтпесе кейін өкініп қалуыңыз әбден мүмкін. Осыған байланысты Massaget.kz тілшісі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде неге мән беріп, ескеру керегін білу үшін "Amarena Interiors" интерьер дизайны студиясының негізін қалаушы Евгения Бабецпен тілдесті.