Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше 21 қыркүйекте Кенжекөл ауылының ЖТҚ аумағында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы жанжал салдарынан біреуі дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.