Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болашақ ықшам ауданның егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын жасаған кезде заң бұзушылыққа жол берген. Атап айтқанда, экологиялық нормаларды сақтамаған. Тексеру жүргізген облыстық прокуратура, заңсыз егжей-тегжейлі жоcпарлау жобасының күшін жойды. Сондай-ақ, лауазымды тұлғаны орнынан алуды ұсынды.