Алматыда Медеу ауданы тұрғындары 5 күннен бері ауызсусыз отыр. Мұндай жағдай сел салдарынан болған, лай судан құбырлар мен сүзгілер бітеліп қалған. Ал оларды ауыстыру көп уақытты талап етеді. Ауызсудың болмауы "Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына" да кесірін тигізіп отыр. Бұл мәселеге қатысты орталық басшысы мен аудан әкімі пікір білдірді