Петропавлда үй өртеніп, екі кішкентай бала анасымен бірге тірідей жанып кетті. Ажалмен арпалысқан 20 жастағы келіншек өмірінің соңына дейін балаларын құтқарып қалуға тырысқан екен. Келіншекті бір жарым жасар қызы және бес жасар ұлымен бірге өртенген үйдің есігінің жанынан тапқан.