Қазақстандықтардың алыс қалаға қатынайтын қолжетімді көлігі - пойыз. Алайда қыс түссе, пойыздың кешігіп келетін әдеті бар. Басқа жыл мезгілдерінде де кей өңірлердің пойызы кешігіп келеді. Әсіресе, бұл жағдайға батыстықтар шағымданады. Мәселен, Атырау тұрғындары Алматыға қатынауы үшін 1 күн 14 сағат жұмсайды. Оған кешіккен уақыт қосылады. Жолаушылар құқығын қалай қорғауы қажет?