Редакциямызға биыл Президенттік жастар кадр резервіне тапсырып, келесі кезеңге өте алмаған азамат жүгінді. Оның сөзінше, "Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау" бөлімінде сұрақтар тікелей аударылған. Сондықтан сұрақ мазмұны түсініксіз болып, жауаптар да күмән тудырған. Massaget.kz тілшісі осы мәселеге орай жауапты ведомствоға ресми сауал жолдады.