Ресейдің Санкт-Петербор қаласындағы өзенге құлаған автобустың жүргізушісі қамауға алынды. Жеті адамның қазасына әкелген қайғылы жағдайға қатысты ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал өзенге құлаған автобустың ішіндегі адамдарға бірінші болып көмекке ұмтылған — отандасымыз Ерхан Аханов.