Миллениум ұрпақтың ересектерден басты айырмашылығы неде екенін білесіз бе? Олар әлем шарлап, жаңа нәрсені істеп көруден қорықпайды. Сондай кейіпкеріміздің бірі - Даниял Ахметов. Ол 22 жасында Дубайда Мишлен ұсынысы бар мейрамханада аспаз болып жұмыс істейді. Massaget.kz тілшісі Роналду, Димаш Құдайберген, Сауд Арабия королінің отбасы сынды танымал адамдарға ас әзірлеген қазақ жігітімен сұхбаттасты.