Таза балдан табиғи сусын жасайтын Өскемендегі, жалпы Қазақстандағы жалғыз мекеме "Медовая марка" зауыты бірнеше күн бұрын өз жұмысын тоқтатты. Мекеме иесінің айтуынша, бұған еліміздегі салықтың тым көптігі, отандық өнімге деген сұраныстың тапшылығы мен мемлекет тарапынан қандай да көмектің болмауы себепші болған. Өндіруші компания 5 жылдан астам уақыт бойы аяққа тұруға тырысқанымен, ақыр соңы жабылуына тура келіпті. Шамамыз жеткенше бүгінге дейін кәсібімізді дөңгелетуге тырыстық деген бал зауытының иесі, кәсіпкер Алмас Таңғұтұлымен Massaget.kz тілшісі тілдесіп көрді.