"Самұрық-Қазына" АҚ "Самұрық-Қазына Бизнес Сервис" еншілес ұйымының басшысы Александр Личаченконың жалақысы мен сыйақысы туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұған дейін БАҚ-та акционерлер оның былтырғы жалақысы мен сыйақысын 74 миллион теңге етіп бекітіп бергенін, ал серіктестіктің таза табысы 38,5 миллион теңге болғанын хабарлаған еді.