"Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалдарында әскери қызметшілердің балаларына бос уақытты сапалы әрі мазмұнды ұйымдастыру үшін бар мүмкіндік жасалған. Сонымен бірге қорғаныс ведомствосы оқу-сауықтыру орталығымен балалардың демалысын ғана емес, әскери-патриоттық тәрбиені жандандыруды көздейтін ынтымақтастыққа да қол жеткізіп отыр.