Қала көшелерінде, автобустарда түрлі жарнама мәтіні ілінеді. Кейбір тұрғындар сол мәтіндердегі қатені бірден байқаса, енді бірі жиі мән бермейді. Massaget.kz тілшісі Алматы көшелеріндегі жарнама мәтініне байланысты филологтың пікірін сұрады. Бұл орайда Алматы қаласы әкімдігіне ресми сауал да жолдап, жарнама мәтініне кім жауап беретінін анықтауға тырысты.