Сары май құрамында көмірсулар жоқ, бірақ ол май қышқылдарына және кальций, магний, натрий, калий, фосфор, сондай-ақ A, E, B2, B6, PP және D дәрумендері секілді ағзаға қажетті басқа элементтерге бай. Бұған қарамастан, сарапшы Ирина Воронцова тепе-теңдікті сақтап, сары майды белгілі бір мөлшерде тұтыну маңызды екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.