Брифингте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласын абаттандыруға жоспарланған жұмыстарға тоқталды. Биыл Молдағалиев көшесінен Жамбыл көшесіне дейінгі көшенің бойында жаңа шағын ауданның құрылысы басталды. Оның аясында көпқабатты тұрғын үй, әлеуметтік, шағын және орта бизнес нысаны, мектептер, сондай-ақ, кең жағажай салынады.