Бүгінде қоғамда қазақтың ұлттық өнеріне деген сұраныс күн санап артып келе жатыр. Ұлттық болмысымызбен астасқан дүниелер қалың көпшілікке ұнап, трендке де айналып жатқаны жасырын емес. Қазақ халқының сан ғасырдан келе жатқан кез келген дүниесінің астары бар. Соның бірі - ұлттық ойындар. Халқымыз ежелден баласының тәрбиелі, саналы, ойы ұшқыр, қиялы жүйрік болуын қалаған. Сондықтан әр ойын осындай мотивке негізделген. Massaget.kz тілшісі қазақтың ұлттық ойындарын жаңғыртып, атақты Louis Vuitton компаниясынан бірлесіп жұмыс істеуге шақырту алған 22 жастағы астаналық Айнура Полатовамен сұхбаттасты