Оқу жылы жақындады, демек бұл Астана, Алматы секілді ірі қалаларға ағылатын студенттер қатары да көбейді дегенді білдіреді. Тамыздың ортасы мен аяғы - пәтер жалдаушылар үшін маусымдық кезең. Бұл кезеңде пәтер бағасы шарықтап өсетіні айтпаса да түсінікті. Оның үстіне елімізде студенттерге жатақханада 70 мың орын жетпейді. Massaget.kz тілшісі ірі қалалардағы пәтер бағаларына, студенттер қайда орналаса алатынына шолу жасады.