Алматы облысына қарасты 7 ауылдық округ халқы Шамалған ауылында жиналып, көгілдір отынға көп ақша төлеп жатырмыз деген шағымын аудан әкіміне жеткізген. Олар ай сайын газға төленетін құнның екі есеге өскеніне наразылық білдіріп, жауапты компанияның қызметінен бас тартқысы келіп отыр. Ал Қарасай ауданы прокуратурасы бұл жайтқа қатысты тексеріс басталғанын мәлімдеді