Қазақ қоғамында әйелдің жауапкершілігіне көп міндет артылады. Жас келін болып шаңыраққа түскен күнінен бастап ата-ененің алдындағы келіндік қызметі, үйдің тірліктері, ұрпақ сыйлау, оның тәрбиесі, ерінің разылығын алу - бәрі әйелдің мойнында. Алайда Ислам діні шариғат бойынша әйелдің де ер адамға бірқатар құқығы бар екенін көпшілік біле бермейді. Сондықтан болар қазақтар ер адамның міндеті тек жұмыс істеп, отбасын асырау деп санайды. Осыған байланысты Massaget.kz тілшісі ер адамның әйелінің алдында қандай міндеттері бар екенін білу үшін Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Пәтуа бөлімінің мамандарына жүгінді.