Ұлттық аспаптар - қазақ халқының сан ғасырдан келе жатқан, атадан балаға қалған құнды мұрасы. Әрі ол - қазақтың тарихымен біте қайнасқан, ұлттың күллі қасиетін бойына тоғыстырған киелі мұрасы. Қазақ халқының рухани құндылықтарын дамытып, төл мұрамызды әлем елдеріне танытып жүрген Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің қазақ мәдениеті тарихында қашан да алар орны ерекше. Ал биыл бұл ұжым мерейлі 90 жылдық мерейтойын тойлағалы отыр. Қазақтың ұлттық өнерін насихаттап, рухани мұрасын ұлықтап жүрген Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Абылай Тілепбергенмен Massaget.kz тілшісі сұхбаттасты

"Шет елдегі көрерменнің ықыласы әлі көз алдымда". Құрманғазы оркестрінің бас дирижері сұхбат берді
Жаңалықтар


































