Әйелін 8 сағат бойы аса қатыгездікпен ұрып өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі қазақ қоғамын ғана емес, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Өкінішке қарай, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы белең алып тұр. Өйткені, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (БП ҚСжАЕК) деректері бойынша отбасылық-тұрмыстық жанжалдар аясында барлығы 47,6 мың әкімшілік іс тіркелген, қаңтар-желтоқсан айларында Салтанат Нүкеновадан басқа елде 135 әйел қаза тапқан. Ал сенатор Жанна Асанованың айтуынша, 69 әйел отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қайтыс болған. Яғни, кем дегенде өлтірілген әрбір екінші әйел жақын адамының қолынан көз жұмды. Алайда күйеуі әйелін өлтіретін жағдайлар Қазақстаннан да басқа елдерде болады. Осыған байланысты Massaget.kz тілшісі шетелде әйелін ұрып өлтіргендерге қандай жаза көзделгенін анықтап көрді.