Неке - екі адамның үлкен өмірге басқан қадамы. Жігіт пен қыз некелескен соң бір-бірінің алдындағы ерлі-зайыпты ретіндегі міндеттерін орындайды. Соның ішінде жыныстық қатынас та бар. Алғашқы неке түні - сол қатынастың бірінші баспалдағы. Түркі тілдес халықтарда әлі күнге дейін алғашқы неке түнінде келіннің пәктігін тексеру салты кездеседі. Түрлі дереккөздерде бұл салт шамамен әлемнің жиырма елінде кездесетіні айтылады. Massaget.kz тілшісі ғылыми еңбектерге шолу жасап, этнограф Аманжол Қалышпен сұхбаттасып, қазақтар ертеде келіннің пәктігін тексеріп-тексермегенін сұрады. Сондай-ақ, психолог-сексолог Айгүл Адиловадан қыздық медициналық тұрғыдан қалай түсіндірілетінін білді.