Соңғы рет 2021 жылы жаңартылған мемлекеттік реестр мәліметінше, Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты балансында Chevrolet Captiva, Skoda Superb B8, Skoda Octavia A7, ВАЗ 21213-130 және УАЗ 22069 көліктері болған. "УАЗ не үшін керек?" деген сұрақ қойылуы мүмкін, аталған өңірдің кейбір елдімекендеріне онсыз жету мүмкін емес, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.