Шымкенттік дәрігерлер 10 жастағы баланың миынан бір уыс құрт алып шықты. Бас ауруына шағымданған оқушыға "Асар" шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері ота жасады. Нәтижесінде миындағы эхинококк кистасын хирургиялық жолмен алып тастады.