Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Ол тамақтану орталығында бейтаныс азамат ұлынан қоңырау шалу үшін телефонын сұрап алып, белгісіз бағытта "ізін суытқанын" хабарлады. Кейін осыған ұқсас арызбен тағы бір азамат полицияға жүгінді. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 300 мың теңгеге жуық екені анықталды.