Қала тұрғынының айтуынша, бейтаныс біреу көшеде оның ұлының смартфонын ашық түрде ұрлап кеткен. 9 жастағы бала сабақтан үйіне қайтып келе жатқанда оның жанына бейтаныс жігіт келіп, қоңырау шалу үшін телефон сұрапған. Нөмірді теріп жатқандай кейіп танытқан күдікті баланың ұялы телефонын алып қаша жөнелген. Бұл оқиға баланың сыныптасының смартфонына түсіп қалған.

Шымкентте бейтаныс жігіт тапа-тал түсте оқушының смартфонын алып қашып кеткен
Жаңалықтар
































