Шымкентте қаланың қақ ортасында орналасқан жеті қабатты қонақ үйдің заңсыз салынған жоғарғы төрт қабаты бұзылатын болды. Себебі нысан иесі біраз уақыттан бері ескертулерді елемей келген. Сондықтан сот орындаушылар өндірістегі күшіне енген шешімді жүзеге асыру үшін, ғимараттың жоғарғы қабаттарын мәжбүрлі түрде бұзуға кіріскен.