29 жастағы әйелді Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ұстады. Тексеру барысында оның сөмкесінен 6 дана бір реттік доза салынған "синтетика" табылып, тәркіленді. Тағы екеуін жасырып үлгергені анықталды. Сондай-ақ, күдіктінің өзі де есірткі тұтынғаны белгілі болды.