Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы екенін мәлімдеген Динара Әлжан "Уақыт көрсетеді" YouTube-арнасында Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен де арақатынасы болғанын жариялаған еді. Оның сөзінше, экс-әкіммен Шымкенттегі отырыстардың бірінде танысқан. Кейін экс-шенеунік қаржылай көмек көрсеткен, қымбат сыйлықтар берген. Ғабидолла Әбдірахымов осы жайтқа қатысты алғаш рет Massaget.kz тілшісіне эксклюзив сұхбат берді.