Биыл қазанда Tengrinews.kz редакциясына сотталған ер адамның әйелі Алина Крючок хабарласқан. 25 жастағы әйелдің айтуынша, былтыр мамырда күйеуі көлік жүргізіп келе жатып жол апатына ұшыраған. Ер адамның жақын досы апаттан қаза болды, сондықтан сот оны 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. 31 жастағы ер адам жазасын өтеу үшін ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне, яғни жалпы режимдегі колонияға жіберілді. Колонияда ол аяғындағы жарақатына шағымданған. Ведомство мәліметінше, сотталған Крючок №36 мекемеде кезекті қылмыстық жазасын өтеп жатыр. Оның бұрын ұрлық және алаяқтық үшін төрт рет сотталғаны белгілі болды. Облыстық қылмыстық атқару жүйесінде оған аяғын емдеуі үшін медициналық көмек тұрақты түрде көрсетіледі. Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдері бұған қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.