Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек өңірдің Қырғыз Республикасы тарапынан берілетін суармалы судың барлық лимитін пайдаланғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында таралған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.