Каспий теңізі соңғы 15 жылда 2 метрге тартылған. Ал, биыл жаздан бері судың деңгейі тіпті, қатты жылдамдықпен түсіп барады дейді, мамандар. Көк айдынның ахуалы қазір көпті мазалап отыр. Осы мәселеге Мемлекет басшысының өзі алаңдаушылық танытып, теңіздің проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу институтын құруды тапсырды. Жаңа ұйым қашан және қайда құрылып, қандай зерттеулер жүргізбек? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.