Сұлулық салонына барып, шаш, маникюр не басқа процедура жасату көп жағдайда сәтті бола бермейді. Кейде тұтынушыларға қызмет сапасы ұнамауы мүмкін. Ал салон әкімшілігі "неге қызмет сапасы өз деңгейінде көрсетілмеді?" деген сұраққа жауап бере алмайды. Мұндай жағдайда кейбірі бірден жанжал шығарып бастаса, енді бірі салоннан ешнәрсе айтпастан шығып кете береді. Тек бірнеше тұтынушы ғана өз құқығын қорғай алуы мүмкін. Massaget.kz тілшісі қызмет сапасына көңілі толмағантұтынушылардың қандай құқығы барын түсіндірді.